Алғысым шексіз, сіздерге!
Алғысым шексіз, сіздерге! Көктемнің алғашқы күнімен ілесе келген "Алғыс айту" күніне орай мектебімізде түрлі іс-шаралар өтті. Соның бірі, 5 "Ә" сынып жетекшісі Төлегенова Зухраның ұйымдастыруымен өткен "Алғысым шексіз, сіздерге...!" атты тәрбие сағаты. Өмірге алып келген ата-аналарына, білім берген ұстаздарына, бірге ойнап өсіп келе жатқан құрбы-құрдастарына, жеке-жеке алғыстарын білдіріп, ән-күйімен жалғасқан шара тартымды өтті. Кемелді келешегіміздің иесі, келер ұрпақ, сіздерге мың алғыс!