Тамақтандыру » №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебі
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
№244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Болам деген балдырған
19
октябрь
2020
Болам деген балдырған
Болам деген балдырған Дене шынықтыру пәні десе көбіміз ала доп қуып тершіген балаларды елестетеміз. Сол балдырғандар кішкентай болса да Спорт шебері атанып жатса қалай қуанбайсыз. Жаңа оқу жылы қарсаңында бокстан "Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат" атанған оқушылар қуанышына олардың жаттықтырушысы, дене тәрбиесі пән мұғалімі Мусаев Мұраттың еңбегі зор. Былғары қолғап киіп, шаршы алаңға шығуды арман еткен балалар болашақта сол арман биігінен көрінсін деп тілек білдіреміз.
" Birgemiz Asyl mura" шағын гранттар байқауы
19
октябрь
2020
" Birgemiz Asyl mura" шағын гранттар байқауы
Республикалық Жас Ұлан ұйымының және Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен " Birgemiz Asyl mura" шағын гранттар байқауы ұйымдастырылған болатын!Сол жоба аясында Қызылорда облысы Шиелі ауданының №244 Ы.Жахаев атындағы орта мектептің тәлімгері Нұрымбетова Айнұр,Шиелі аудандық Жас ұлан ББЖҰ-ның аудандық ұланбасы Айбек Берікболұлы және №244 Ы.Жахаев атындағы орта мектептің Жас Ұлан ұйымының ұланбасы Жанель Нурманова грант иегері атанған болатынбыз.Сол жобаны жүзеге асыру
Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу
19
октябрь
2020
Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу
Болам деген баланың Иә, қазақ «Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу» дейді. 5-сыныпты үздік бітірген Қаратаева Гүлсая Қазақстан Республикасы ауыл мектептерінің 5 және 6-сынып оқушылары арасында өткен «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының ІІ кезеңіне қатысып, өз білімімен бақ сынады. Елімізде болып жатқан Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры мен Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастарған Ұлттық олимпиада шалғайда жатқан жас жеткіншектеріне жүрегіне
Жарайсың, Шырақ!
19
октябрь
2020
Жарайсың, Шырақ!
Жарайсың, Шырақ! Кішкентай ғана Шырақтың тиянақтылығын байқаған анасы Гүлнардың қадағалап, бағыт беруінің арқасында қазір небәрі 2-сыныпта оқыса да алған марапаттары көп. Және де қолынан шыққан әдемі бұйымдары көз жауын алады. Шырақтың келешегіне үмітпен қараған аудандық "Шарайна-Сейхун" газетінің тілшісі ақ тілегін жаудырған екен газет бетінен орын беріп.(№20-21 саны) Біз де Шырақтан келешекте он саусағынан өнері тамған қолөнерші боларына сенеміз. Өнер шырағы мәңгі алаулайды. Сондай ұшқын
Шеберлер қаласының жүлдегері
15
октябрь
2020
Шеберлер қаласының жүлдегері
Шеберлер қаласының жүлдегері Бүгін Қызылорда қаласында өткен "Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз" өлкетану сәндік-қолданбалы республикалық шығармашылығы көрмесінің облыстық кезеңіне "Матадан жасалған бұйымдар" номинациясы бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Мұхамедәлі Дильназ қатысып, (жетекшісі Көбегенова Ардақ) жүлделі І орынмен марапатталды.Бұған дейін де, қолөнер шеберлігін көрсетіп жүрген Дильназдың бұл алғашқы жеңісі емес, Әлі де талай белесті бағындырар
Ұлттың ұлы мұрасы
15
октябрь
2020
Ұлттың ұлы мұрасы
Ұлттың ұлы мұрасы 2020 жылдың 29 ақпан күні Қызылорда қаласында "Үркер" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Ұлттың ұлы мұрасы" атты Халықаралық өнер және білім фестиваліне мектебімізден іріктеліп шыққан жас жеткіншектеріміз додада қақ жарып, топтан озып келді. "Абайтану" бөлімі бойынша 3 "Ә" сынып оқушылары Келес Балауса (Жетекшісі Тәжібаева Жанат) І орынмен "Алтын жүлде" медалімен, Нұрмахан Бағдаулет ІІ орын "Күміс жүлдемен" "Жас қалам" шығармалар байқауы бойынша Абилмажанова
Мерген ару-2020
15
октябрь
2020
Мерген ару-2020
Мерген ару-2020 Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен өткізген облыстық сайыстың АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау бағдарламасы бойынша Шиелі ауданы құрамасында ІІІ орын, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау бағдарламасы бойынша ІІІ орын, жалпы командалық есепте ІІ орын, певматикалық винтовкамен жылдамдыққа ату бағдарламасы бойынша І орын иеленіп, қыздарымыз Бейбіт Нұрай, Мақсұт Ділназ, Қалтаева Меруерт,
Былғары қолғап біріншілігі
14
октябрь
2020
Былғары қолғап біріншілігі
Былғары қолғап біріншілігі Қазір мектебімізде спортқа қызығушылығы бар балалар үшін жұмыс жақсы жолға қойылған. Мұны, футболдан, гандболдан, бокстан жан-жаққа кездесулерге барып, бапкердің еңбегін ақтап, үмітін үкілеп оралып жүрген жас спортшылардан байқау қиын емес. соның бірі, Қызылорда қаласында өткен бокстан 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігінде бақ сынаған Болатұлы Елдос 80 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, 48 кг салмақ дәрежесіндегі Мұхамедәлі Ұлан ІІ орын, 60
Сандуғаштай сайра, Салтанат!
14
октябрь
2020
Сандуғаштай сайра, Салтанат!
Сандуғаштай сайра, Салтанат! Бүгін "Арман" мәдениет үйінде ұйымдастырылған "Батыс жаухарлары" атты республикалық байқауда "Вокал" номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 5-сынып оқушысы Палжан Салтанат Бас жүлде иеленіп, 7-8 мамыр күндері Алматы қаласында өтетін Халықаралық "Біз бақытты баламыз" байқауға жолдама ұтып алды. Кішкентай ғана Салтанаттың күміс көмей әншілігін бағалаған әділқазы ұжымы шет мемлекеттерде өтетін байқауларға да шақырту алғанын айтып өтті. Салтанаттың жетекшісі
Аяқдопшылар алда келеді!
14
октябрь
2020
Аяқдопшылар алда келеді!
Аяқдопшылар алда келеді! Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған футзалдан 2007-2008 жылы туылған мектеп оқушылары арасында өткен аудандық біріншілікте бақ сынаған жас жеткіншектер ІІ орын иемденіп келді.Үздік ойыншы номинациясын жеңіп алған Сырғабаев Замир 7-сынып оқушысы. №244 мектеп командасы құрамындағы жеткіншектер жетекшісі Әріпбаев Ерболат, жеңісті күндерің көп болсын! Командаң бағындырар белес мол болсын!